Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 16:20 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 471,04 теңгені құрады. Осылайша, доллар бағамы 1,13 теңгеге төмендеді.

Сонымен қатар:

  • Ресей рублінің бағамы 6,13 теңгеге жетіп, 0,02 теңгеге өсті;
  • Қытай юанінің бағамы 69,54 теңгені құрап, 0,07 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде:

  • АҚШ доллары 471,1–473,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда;
  • еуро 538–543,3 теңге аралығында саудалануда;
  • Ресей рублі 5,88–6,01 теңге аралығында айырбасталуда.

Сонымен бірге, 7 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 0,76 пайызға қымбаттап, барреліне 72,54 АҚШ долларына жетті.

Ал NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,64 пайызға өсіп, барреліне 68,99 АҚШ долларын құрады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 7 шілдеге АҚШ долларының ресми бағамын 472,03 теңге, еуроны 540,29 теңге, Ресей рублін 6,11 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: