Саудада доллар бағамы тағы сәл арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,03 теңгеге төмендеп, 461,37 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқа валюталармен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 502,06 теңге, рубльді 6,7 теңге, қытай юанін 68,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,5-464 теңге, еуро 499-504 теңге, ресей рублі 6,35-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 26 қаңтардағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы сәл өзгерді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,1%-ға арзандап, барреліне 86,03 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,14%-ға өсіп, 80,66 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз