Шетелдік ұйымдардан ақша алатындар тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланатын болды

Сурет: скриншот
ҚР ҚМ МКМ "Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу туралы" бұйрыққа толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Деректер базасында қамтылған мәліметтер, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі" нысаны бойынша, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына: www.kgd.gov.kz орналастырылады.

Сондай-ақ тізілімді жүргізу нысаны әзірленді, онда мына мәліметтер көрсетіледі: БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі, ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі.

Құжат 8 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды