Қазақстандағы кей министрліктер миллиардтарды игермеген

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында бюджеттегі миллиардтаған теңгені қай министрліктер мен әкімдіктер игермегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығысы 93,5%, республикалық - 94,7%, жергілікті бюджеттер шығысы 96,3% орындалғанын айтты.

"Республикалық бюджет бойынша 1,5 триллион теңге шығыс жасалды. Орындалмағаны - 84 миллиард теңге. Оның 13 миллиард теңгесі үнемдеуге жұмсалды. Игерілмегені - 71 миллиард теңге. Көбіне мына министрліктер қаржыны игермеген: Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму".Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуынша, игермеудің негізгі себептері – төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттар жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, қосымша келісімдер, бюджет бағдарламасын іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақытылы қабылданбауы және кіші бағдарламалар, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, конкурстың ұзақ рәсімдері.

Қаржы министрінің айтуынша, жергілікті бюджет шығысы 423 млрд теңге болған.

"16 млрд теңге игерілмеді. Биыл өңірлерге 1,2 трлн теңге нысаналы трансферттер берілді. 1 ақпандағы жағдай бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген нысаналы трансферттер көлемі 10,2 млрд теңге болды, 98,5% игерілді. 150 млн теңге игерілмеді".Ерұлан Жамаубаев




Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін