Бірыңғай төлемді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Сурет: freepik
2023 жылы 20 наурыздағы Салық кодексіне енгізілген түзетулер бойынша бірыңғай төлемді есептеу бөлігінде салық заңнамасына қатысты өзгерістер қамтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, резидент емес-жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді есептеу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Яғни, резидент емес жеке тұлғалардың табысын жұмыс беруші бірыңғай төлеммен салықтандыруға құқығы жоқ.

Енді бірыңғай төлемді бөлшек салық негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер де төлей алады.

Салық кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес, уәкілетті орган (ҚР ЕХӘҚМ) бірыңғай төлемді төлеу, аудару және қайтару қағидаларына бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және қайтару тәртібін енгізеді.

Жоғарыда аталған жаңашылдықтар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Айта кетсек, бірыңғай төлемге жататындар мыналар:

- қызметкерлердің табысынан ЖТС,

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),

- әлеуметтік аударымдар,

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар.

2023 жылда бірыңғай төлемнің мөлшері 20% құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме