АҚШ-та болуы ықтимал дефолт әлемді дағдарысқа ұшыратады

Сурет: pixabay
АҚШ-та болуы ықтимал дефолт әлемді дағдарысқа ұшыратады. Құрама Штаттар президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді.

Дефолт бола қалса ел экономикасы рецессияға аяқ басып, Вашинтгонның халықаралық беделіне нұқсан келеді.

Бұған қоса Байден қазіргі дағдарысқа республикалықтарды айыптады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін Конгрестің төменгі палатасын басқаратын республикалықтар мемлекеттік қарыз шегін 1,5 триллион долларға ұлғайту үшін бюджеттік шығындарды қысқартуды ұсынды.

Дегенмен Сенат бұған қарсы шықты. Бұл мәселе бойынша ортақ келісім жасалмаса АҚШ 1 маусымда дефолт жариялауы мүмкін.

"Біз қарызымызды төлей алмасақ, бұл әлем үшін қиын болады. Бұл қолдан жасалған дағдарыс. Америка әлемдегі ең күшті экономикаға ие. Демек қарызын өтей алады. Шығындарды, дефицитті дағдарысқа жол бермей жауапты түрде қысқартуымыз керек." Джо Байден, АҚШ президенті

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі