Елімізде мүгедектікке жәрдемақы тағайындау толығымен автоматтандырылды

Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толықтай автоматтандырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті көрсету кезінде адами факторды толығымен алып тастады. Бұл оны көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

"Бұған дейін бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілген және оны көрсету мерзімі 8 жұмыс күні болған. Биыл ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды. Бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды – мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі. Бұл қызмет көрсету мерзімін тағы 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді", - делінген министрлік хабарламасында

Жаңа жеңілдетілген тәртіпті 244 көрсетілетін қызметті алушы пайдаланды.

Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажет мәлімет мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады