ҚР ҚМА сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Сурет: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігі 22 мамыр күні қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деп күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияға сенуге болатын-болмайтынын ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамида жобаларының тізімінен де тексере алады.

Агенттік жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. "Кибербақылау" жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталыпты.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан

"Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

17 мамыр күні Қостанай облысында Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйелге сот үкімі шықты. Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі