Қостанай облысында Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйелге сот үкімі шықты
Сурет: Zakon.kz
Пирамида ұйымдастыру фактісін Қаржылық монитринг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы сотталушы Antares қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты.
"Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
"Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ал Ақтөбенің 10 тұрғыны айына 40% кірісі әкеледі деген күмәнді жобаға инвестиция салып, өз ақшасынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript