"Өзіміз ғой Арай": Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды
ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрғаны анықталған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.
"Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство қазір "Өзіміз гой Арай" чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Агенттік өкілдері халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды