6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар: Павлодар облысында сот үкімі шықты
Сурет: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында азаматтар Легин мен Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Агенттік мәліметі бойынша, Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекетті салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келді.
Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript