Заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы заң жобасы Сенатқа жіберілді

Сурет: pixabay
Мәжіліс депутаттары заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы заң жобасын қабылдады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаттары заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау үшін әзірленгенін атап өтті.

"Заң жобасының негізгі мақсаты заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді іздеуге, пайда болуын растауға, қамтамасыз ету шараларын қолдануға, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, өткізу және мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып саналады".ҚР Парламент Мәжілісі

Заң жобасының: заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру секілді жағымды әлеуметтік-экономикалық тұстары бар.

Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді.

Атап айтқанда:

Бұдан басқа, заң жобасын жұмыс тобы шеңберінде талқылау кезінде заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша құқықтық олқылықтарды болғызбау, заң жобасының нормаларын бір-біріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілді.

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.



Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты