Қазақстанда балмұздақ бір жылда 32,7% қымбаттады

Қазақстанда балмұздақ бір жылда 32,7% қымбаттады Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда балмұздақ бағасы күрт көтерілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша бұл тәтті бір айда 5% қымбаттаса, бір жылда бағасы 33%-ға жуық өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір аймақтарда балмұздақ бағасы айтарлықтай көтерілген.

"Аймақтарда бағаның ай сайынғы өсуі Алматыда 1,1%-дан Түркістан облысында 19,7%-ға дейін ауытқиды. Балмұздақ бағасының айтарлықтай өсуі Алматы облысында (18,2%) және Астанада (10,9%) байқалды. Сонымен қатар Қазақстанның бес облысында: Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгерген жоқ", - деп жазды Energyprom.kz.

Бір жылда балмұздақ бағасы 32,7% өскен. Бұл - кейінгі жылдардағы ең жоғары баға өсімі. Салыстыру үшін: 2022 жылдың мамыр айында балмұздақ бағасы 15,2% қымбаттады.

Биыл ең қымбат балмұздақ БҚО-да болды. Онда баға 79,7% көтерілді. Одан кейінгі орында Астана (+68,4%) және Алматы облысы (+44,7%). Ең аз баға Павлодар, Абай облыстарында және Алматыда көтерілді.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы