7 тамыздағы саудада доллар тағы көтерілді

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,18 теңгеге көтеріліп, 446,36 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 61,82 теңге (-0,14) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 487,28 теңге деп белгілесе, рубль 4,69 теңгеге көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-449,1 теңге, еуро 490,9-495 теңге, ресей рублі 4,59-4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 7 тамыздағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы түсті.

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,49%-ға төмендеп, барреліне 85,72 доллар болды.

АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнайы да 0,54%-ға арзандап, барреліне 82,28 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз