Қазақстанда әуе тасымалының құны 11% қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Биыл шілде айында Қазақстандағы әуе көлігі қызметтерінің бағасы жылдық динамика бойынша 10,5% өсті.

Өңірлік тұрғыда бағаның өсуін Жетісу өңірінің тұрғындары көбірек сезінді: бірден 52,7% қымбаттаған. Көшбасшы үштікке Қызылорда (плюс 46,9%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,9%) облыстары да кірді. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Еліміздің 20 өңірінің тағы 6 өңірінде – Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалының қызметі арзандаған.

Биыл бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша әуе компаниялары 5,9 млн адамды тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,8% артық. Алматыға ең көп жолаушылар тасымалданды: 2 млн адам, плюс жылына 28,5%. Одан кейін Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам). Ең аз жолаушылар Алматы облысында әуе көлігімен тасымалданған: бар болғаны 2,8 мың адам. Жолаушылар айналымы 11,7 млрд пкм болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 46,5% көп.

Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 11,4 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,7% көп. Алматыға 6,7 мың тонна, Шымкентке 3,1 мың тонна, Астанаға 1,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды. Қаңтар-маусым айларында жүк айналымы 24,6 млн ткм болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6% көп.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті