Қаржы министрі 7 айдың қорытындысын баяндай келе бюджетке қанша ақша түскенін айтты

Сурет: primeminister.kz
Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге түсті. Жоспар 90,3% орындалды. Атқарылмаған бөлігі 732 млрд теңге болды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, қосылған құн салығы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 285 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 24%-ке немесе 135 млрд. теңгеге азаюымен байланысты". Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ке төмендеуімен байланысты болды.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себептері:

"Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа есеппен 15%-ке төмендеуі әсер етті", - деді министр.

Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін