Ерұлан Жамаубаев мұндай ақшаға өмір сүру қиын екенін мойындады.
"Қиын, бірақ айта алмаймын, пікір бере алмаймын. Тағы айтамын, егер мүмкіндік болса, біз шығынның өсуін қолдауға дайынбыз. Бірақ жалақы мәселесі ғана емес, біз қазір инфляция деңгейімен күресуіміз керек", - деді ол.
Бұл ретте министр бюджет құрылымында әлеуметтік шығыс 40%-дан астам мөлшерге тең екенін, оның ішінде жалпы республикалық бюджетті алсақ, оның 95%-ы тікелей шығын: жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыларға кететінін айтты.
"Қаржы министрі ретінде мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын, жәрдемақысын және тағы басқасын көбейту мүмкіндігін қарастыруға дайынмын. Бірақ шындық мынада: біз мұны қазір көтере алмаймыз, өйткені біз Ұлттық қорға өтініш беруіміз керек. Бұл да болашақ ұрпақ үшін белгілі бір қаражат. Біз іздеп жатырмыз. Егер өз кірісіміз мүмкіндік берсе, әрине, біртіндеп өсіреміз", - деп қосты ол.
Сонымен қатар ол кейінгі бірнеше жылда бюджеттен қаржы алатын миллионнан астам адамның жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы немесе шәкіртақысы кезең-кезеңмен көтерілгенін атап өтті.