Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты

ҚР Ұлттық банкі бүгін, 2023 жылғы 2 қазанда қыркүйек айындағы валюта нарығы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте 1155 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 34%-ын және күніне 55 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банк қыркүйекте:

"Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенция жүргізген жоқ".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық Банктің алдын ала жоспарына сүйенсек:

"Ұлттық банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: