Қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін Атыраулық компанияға млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін кәсіпорынға 923 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Zakon.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

13 қазандағы хабарламада "Жылыой болашақ" ЖШС рұқсатсыз мұнай шламын жинау шараларын жасағаны айтылған.

"Сонымен 2022 жылдан бері қауіпті қалдықтар санатына жататын 477 тонна мұнай шламы жинақталып, осы факті бойынша сот "Жылыой болашақ" ЖШС-не 923 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды".Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

2023 жылдың тамызында Бас прокуратура Қазақстандағы бизнесмендерге әкімшілік жаза мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар көптеп салынғанын анықтады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды