Заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні жарияланбайды

Сурет: Zakon.kz
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Amanat партиясының алаңында өткен баспасөз мәслихатында заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні жария етілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер "Заңсыз тәркіленген активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні оларға қатысты қылмыстық іс, сот процесі болмағандықтан белгілі болмай ма?" деп сұрады.

"Бұл жағдайда мемлекетке қандай мүліктің өз еркімен қайтарылғаны туралы жалпы ақпарат беріледі (бірақ иелері емес. – Ред.)."Алма Мұқанова

13 қазанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы генерал Қанат Сүлейменов 2022 жылдан бері "Антикор" заңсыз жолмен алынған 856 миллиард теңгенің мүлкін қайтаруға қол жеткізгенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін