Кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды

Сурет: pexels
Казір әлеуметтік желілерде алаяқтар Каспи банктің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп, салық міндеттемесін орындау туралы түрлі мазмұндағы ақпарат таратып жатыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай хабарламада "төлем" функциясымен "Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды" деген жазу болады. Егер оны адам басып жіберсе, қаражат салық төлеушілердің банк шотынан төлем растауынсыз есептен шығарылады.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражат рұқсатсыз есептен шықпауы үшін салық бойынша берешектің бар/жоқ екенін мына ЕДБ мобильді қолданбалар арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:

"Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу - әркімнің парызы және міндеті. Бұл ретте сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!" - деп ескертті комитет.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды