Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы рейтингте позициясын жақсартып, 100-ден астам елді артта қалдырды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 13 қарашасында Базель менеджмент институты ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ең беделді дереккөз жыл сайынғы "Basel AML Index" рейтингін жариялады.

Бұл рейтингте Қазақстан 100-ден астам елді артқа тастап, 4,71 ұпай жинай отырып, позициясын 27 тармаққа жақсартты. Бұл – еліміз үшін 2012 жылдан бері жарияланып келе жатқан рейтинг тарихындағы ең жоғарғы нәтиже.

Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды. Тәуекел деңгейі ең төмен топ-5 елдің қатарына Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, зерттеу қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың (КЖ/ТҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін түрлі факторды өлшейтін 5 бағыт бойынша 18 көрсеткішке негізделеді. Алынған нәтиже FATF стандарттарына сәйкестігіне Өзара бағалауды сәтті аяқтау мен ақшаны жылыстатуға қарсы жүйенің барлық бөліктерінің жұмыс істеу тиімділігінің арқасында мүмкін болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді