Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының 2024 жылғы бюджетін бекітті

ҚР Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын қаржыландыратын қаулы қабылдады. деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк 2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде бекітіп, яғни лимитті 100 млрд теңге мөлшерінде белгілеу және тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бюджетті бөлуді қарастырды.

Сондай-ақ қаулыда бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің жылдық сыйақысын 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделген.

"Бұл түзету бағдарлама операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді".

Айта кетейік, бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.

2023 жылы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: