Антикор ҚазАвтоЖол лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында "Қордай" өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам.

"Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз