Қызылордада адвокат адамдарды қорқытып ақша алмақ болған

Сурет: Zakon.kz
Жаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен облыстық адвокаттар алқасының адвокаты О.Курбанов 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен О.Курбановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2)-тармағымен айып тағылды (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық). Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен. Талабы орындалмағанда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүддесiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан.

Адвокат О.Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатынын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатынын, салдарынан ауданның абыройы түсіретінін алға тартқан. Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, тағы да басқа сотта зерттелген іс материалдарымен толық дәлелденген.


"Одан әрі іс апелляциялық сатыдағы сот алқасында 2024 жылдың 11 қаңтарында сотталған О.Курбанов пен оның адвокатының шағымы негізінде қаралып, нәтижесімен үкім өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот үкімі заңды және негізді, оның күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ, деп сот алқасы тапты. Сот үкімі заңды күшіне енді", - делінген Қызылорда облысы прокуратурасының хабарламасында.
Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды