Банктердің мобильді аударымдар туралы мәлімет беру тәртібі нақтыланды

Мобильные денежные переводы, мобильные переводы, мобильный перевод, переводы денег, перевод денег, денежные переводы, денежный перевод,  безналичный перевод, безналичные переводы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:23 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кірістер органына ақпарат ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістер жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын немесе кәсіпкерлік қызмет үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын дара кәсіпкердің шотына күнтізбелік ай ішінде түскен төлемдердің жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне қатысты. Арнаулы мобильді қосымшаға мәліметтері түсетін төлем сомалары бұған кірмейді.

Нақтыланған тәртіпке сәйкес, банк ұйымдарының цифрлық жүйелерінен төлеушілер туралы мәліметтер олардың өздеріне қызмет көрсететін банкке берген банктік құпияны ашуға келісімі негізінде жіберіледі. Төлеуші бұл келісімге арнаулы мобильді қосымшада қол қойып, оны міндетті түрде электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

Арнаулы мобильді қосымша банк ұйымдарына келісімнің бар екенін растайтын электрондық құжаттың жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық жүйесінде төлеушілердің келісімі бар екені белгіленген бастапқы тізім қалыптастырылады. Ол электрондық өзара іс-қимыл арқылы банк ұйымдарының цифрлық жүйелеріне жүктеу үшін жіберіледі.

Төлеушілердің деректері өзгертілген, толықтырылған немесе жойылған жағдайда, Комитет тізімдегі ақпаратты онлайн режимде жаңартады.

Банк ұйымдары мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Комитеттің цифрлық жүйесіне жібереді. Ол үшін XML форматындағы электрондық деректерді қабылдайтын ашық API-сервис пайдаланылады.

Цифрлық жүйелер өзара интеграцияланбаған жағдайда мәліметтер қалай беріледі?

Комитет ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-інде:

  • сол күнгі сағат 00:00-дегі жағдай бойынша тізімді қалыптастырып, "ESB_BVU_spisok_дд.мм.гггг" файлына шығарады;
  • файлды банк ұйымдарының цифрлық жүйелеріне жүктеу үшін Комитеттің sftp-серверіндегі "ESB_BVU_spisok_дд.мм.гггг" бумасына орналастырады.

Ал банк ұйымдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-інде тізімге сәйкес мәліметтерді шығарып, Комитеттің sftp-серверіне орналастырады. Мәліметтер "ESB_BVU_sved_дд.мм.гггг" бумасының ішіндегі әр банк ұйымына арналған "ESB_BVU_Наименование банка_sved_дд.мм.гггг" бумасына жүктеледі.

Өзге қағидаларға да өзгерістер енгізілді.

Бұйрық 2026 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: