Барлық банктің бірыңғай QR-ы: жүйе қашан енгізіледі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 23 ақпанда өткен брифингте Қазақстанда барлық банк төлемдерді қабылдау үшін бірыңғай QR жүйесін қашан енгізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер барлық банк бір QR коды арқылы төлемдерді қашан қабылдай бастайтынын сұрады.

"Бұл мәселе міндетті, яғни біз мұндай жүйенің жұмыс істегенін қалаймыз және оны міндетті түрде енгіземіз. Бірақ әзірге бұл нарықтық механизмдердің, яғни банктердің ықпалында болуы керек деген пікірден шығамыз. Бірыңғай QR кодын енгізудің артықшылығын өздері көруі керек. Осы жылдың аяғына дейін жоспарларымыз бар. Барлық банк қосылады деп үміттенемін. Егер жоқ болса, реттеу шараларын жоққа шығармаймыз. Өйткені ұлттық төлем егемендігі – экономикалық қауіпсіздік бөліктерінің бірі", - деді Тимур Сүлейменов.

Ол екінші деңгейлі банктердің барлығы осы жүйеге қосылып, Ұлттық банк оларға да, тұтынушыларға да қолайлы әрі тиімді экожүйе құра алатынына сенім білдірді.

Бұған дейін Сүлейменов қазақстандықтардың банк аударымдарын бақылауды енгізу елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткіштеріне қалай әсер еткенін айтып берді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: