Алматы облысында алимент бойынша борышкерлер 426 миллион теңгеден астам ақшаны құмар ойындарға жұмсаған

Сурет: pexels
Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері құмар ойындарға 426 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған 157 алимент бойынша борышкерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 24 ақпанда қадағалау органының сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды.

"Борышкерлер өз балаларына құлықсыз немесе немқұрайлы қарап, алимент төлеу жөніндегі міндеттерін елемей, букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған. Мәселен, бір ғана борышкердің баласына алимент бойынша берешегі 1 миллион теңгеден сәл асса, шотына 24 млн теңгеден асатын сома толтырған", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратураның қабылдаған шараларының арқасында бүгінде ойынға тәуелді 31 адам 38 миллион теңгеден астам алименттік қарызын өтеп үлгерді.

"Алимент төлемегені үшін 6 борышкерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасып жатыр".Алматы облысының прокуратурасы

Қадағалау органы сондай-ақ борышкерлерге алимент төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін көзделген әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК 139-бабы) жауапкершілігін еске салды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды