Жетісуда кәсіпкерден қорқытып ақша алған адамдар сотталды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша қорқытып алушылықпен айналысқан топтың әрекетін жедел түрде жолын кесті.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 2 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алушылық фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін