Қаржы министрлігі Құлсарыда су тасқынынан болған залалды бағалау қалай жүргізілетінін түсіндірді

Сурет: primeminister.kz
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Мәжілісте 17 мамырда Құлсары қаласының тұрғындарына су тасқыны салдарынан келтірілген залалдың қалай бағаланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Темірбеков мемлекет су тасқыны келтірген залалды өтеуге дайын екенін мәлімдеді.

"Егер үй қалпына келтіруге жататын болса, онда бағалау жүргізіледі. Одан соң осы бағалауға сәйкес залал өтеледі. Яғни, бұл арада 200, 400 мың теңге деген шектеу жоқ. Жөндеуге жататын барлық үйлер қалпына келтіріледі. Бағалау кезінде қандай сома белгіленеді, сол сомаға сай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Егер үй жиһаздары туралы айтатын болсақ, ол арада шекті өлшемдер бар. Ол арада факт бойынша бір отбасына 150 АЕК мөлшері белгіленген. Егер шартты түрде, одан аз болса, келтірілген залал елеусіз болса, онда 100 мың теңге болады. Ал жөндеу жұмыстары бойынша мұндай шектеулер заңнамамен белгіленбеген", - деді ол.

Сонымен қатар ол егер осы бағыттағы бизнес қауымдастық бөлген қаражат жеткіліксіз болып жатса, Үкімет резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі бар екенін де нақтылады. 

"Қажет болса, Үкіметтің резервін толықтырып, толықтай қаржыландыруды қамтамасыз етеміз. Әзірге, облыс әкімдігінен өтінім болған жоқ, егер мұндай қажеттілік болса, онда міндетті түрде мәселені шешетін боламыз. Ақша бөлуге дайынбыз", - деп сөзін түйіндеді вице-министр.

Айта кетсек, алдында Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 200-ден астам үйді бағалау нәтижелері дайын болғаны хабарланған

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі