Мамыр айында еліміздің басым бөлігінде инфляция бәсеңдеді

Сурет: Zakon.kz
Мамыр айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%). 16 өңірде бәсеңдеген жылдық инфляция тек бір өңірде жеделдеп, үшеуінде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды облысы мен Астана қаласында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 6,3%). Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Алматы қаласында (8,3%), минималды өсім Түркістан облысында (3,4%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6% болып, бұрынғы деңгейде сақталды (сәуірде – 7,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (14,2%), төменгі мән Алматы облысында (5,5%) тіркелді.

Мамырда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,9%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 13,5%). Сонымен қатар, Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Мамырда ел бойынша айлық инфляция 0,4%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы мамырда – 0,5%).

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі