ҚР Қаржы министрлігі 2025 жылға арналған жаңа бюджетті ұсынады

ҚР Қаржы министрлігінің сайтында "2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасы ұсынылған, оны дәстүрлі түрде Парламент жаңа жыл алдында қарайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік 2025 жылға арналған бюджетті мынадай көлемде бекітуді ұсынады.

кiрiстер – 21 391 763 821 мың теңге:

шығындар – 25 192 731 540 мың теңге;

таза бюджеттiк кредиттеу – 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу – 46 891 300 мың теңге;

бюджет тапшылығы – 4 100 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;

бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – 10 999 700 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;

бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4 100 000 000 мың теңге.

Маңызды сәттерді бөліп көрсетейік:

Экономист Ғалымжан Айтқазин 2025 жылы салық түсімдерінің өсуінің негізгі оң факторы Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларын дамыту есебінен тау-кен өндіру саласының өсуі болатынын атап өтті.

Бұл мұнай өндірудің 2025 жылы 97,2 млн тоннаға дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл саланың тікелей салық түсімдеріне әсер ететіні және мұнай емес салаларды тартатыны анық.

Республикалық бюджет кірістерінің (трансферттерді есептемегенде) ағымдағы жылды бағалауға 2,9 трлн теңгеге өсуі жоспарлануда:

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және Республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялардың ұсынылатын көлемін 5 774 300 885 мың теңге сомасында бөлеміз, оның ішінде:

Егер Республикалық бюджеттің бұл заң жобасын ҚР Парламентінің депутаттары мақұлдап, президент бекітсе, онда ол 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: