Кәсіпкерлерге арналған несие: Әбілқасымова жаңа нормаға қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 2024 жылы 2 қыркүйекте Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында несие рәсімдеуде ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімін талап етуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік төрағасы Қазақстанда заңға сәйкес тұтынушылық несиені тіркету үшін шекті межеден жоғары сома алатын болса, онда күйеуінің немесе әйелінің келісімі талап етілетінін еске салды. Бұл арадағы шекті сома - 1000 АЕК.

"Біз тұтынушылық несиені тіркетуде жеке кәсіпкердің әйелінің немесе күйеуінің келісімінің қажеті жоқ деп санаймыз. НҚА-да мұндай келісім тек жеке тұлғалар үшін тұтыну мақсаттарына арналған тұтынушылық несиені тіркету кезінде ғана талап етілетіні анық көрсетілетін болады. Егер жеке кәсіпкер дәл қазіргі уақытта жеке тұлға ретіндегі санатқа жатқызылса, бірақ несиені кәсіпкерлік мақсатта алса, онда одан жұбайының келісімі талап етілмейді", – деді ол.

Оның айтуынша, осы негіздегі өзгерістер мен толықтырулар қыркүйек айында енгізіледі.

2 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының "Банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы әзірленгені белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі