Ұлттық Банк Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін атады

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық Банк 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышын алдын ала бағалауды жариялауға кіріседі. Бұл туралы 2025 жылы 11 ақпанда орталық банктің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90-күні сыртқы борыш бойынша есепті деректерді жариялаған болатын. Енді оған қосымша ҚР сыртқы борышын алдын ала бағалау жарияланатын болады.

"Мұндай жарияланымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінде, тиісті кезең үшін төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат шығарумен бір мезгілде жүзеге асырылады", делінген сейсенбідегі хабарламада.

Қазақстан Республикасының сыртқы борышының көлемі 2024 жылдың басынан бастап жылда 2,3 млрд. АҚШ долларына (бұдан әрі – доллар) ұлғайып, 2024 жылғы 1 қазанда 165,8 млрд. долларды құрады.

Ұлттық Банкі деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 1 қаңтардағы сыртқы қарызы 165 630 000 000 долларды құрады, оның ішінде:

Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді, деп нақтылайды Ұлттық Банк.

Бұған дейін квазимемлекеттік сектор үшін сыртқы қарыздың ең жоғары шегі белгіленетіні хабарланған.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады