Ерұлан Жамаубаевтың тағайындауына қатысты Ұлттық Банк төрағасы пікір білдірді

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
2025 жылы 17 ақпанда Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұжымға өзінің бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаевты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында реттеушінің негізгі қызмет бағыттары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлар талқыланды.

"Ұлттық Банк төрағасы Ерұлан Жамаубаевтың мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігін атап өтіп, оның ҚҰБ алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк төрағасының бұйрығымен Ерұлан Жамаубаев ҚР ҰБ Басқарма құрамына енді.

Айта кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары болып Ерұлан Жамаубаев тағайындалды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек