KASE бағалы қағаздарды юаньмен саудалауға рұқсат берді

Сурет: Zakon.kz
Енді Қазақстан қор биржасына (KASE) юаньмен саудаланатын қаржы құралдарын орналастыруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың  3 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысулармен қытай юанімен (CNY) мамандандырылған сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды орналастыруды, бағалы қағаздарға жазылуды және жария ұсынуды өткізу қолжетімді болады" делінген Қазақстан қор биржасының 2025 жылы 3 наурыздағы хабарламасында.

Мұндай шешім бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға инвесторларды тарту үшін қосымша мүмкіндік беру мақсатында қабылданып отыр.

Сондай-ақ биржада AED/KZT және CNY/RUB валюталар жұбының саудасы түрінде екі құрал пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе мамандармен әлі әзірленіп, талқылану барысында.

Еске сала кетсек, 2014 жылы 25 қыркүйекте KASE-де CNY/KZT валюталар жұбымен жасалған сауда-саттық жүргізілді. Бұл Ұлттық Банк пен Қытай Халық банкі арасында жүргізілген бірнеше келіссөздерден кейін мүмкін болды.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы