"Инфляция тағы үдеді". Қай өңірлерде бағалардың жоғары өсімі тіркелгені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, елімізде инфляция қарқын алды.

Наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады.

"Ең жоғары өсім Астанада тіркелді. Елордада жылдық инфляция 13,3%-ға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды", делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында, ал ең төменгісі Алматы облысында тіркелді.

Ақылы қызмет бағасы ең қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы, ал ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы болды.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк қазіргі экономикалық жағдай мен инфляция тәуекелдеріне байланысты базалық ставканы 16,50% деңгейінде қалдырған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады