Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері белгіленді

Фото: Zakon.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банктің бірлескен қаулысымен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:

микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 пайыз;

Микрокредиттер "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген мөлшерлемемен беріледі.

Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе енгізу күнгі жағдай бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.

Бірлескен қаулы 2025 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған