Қазақстанда соңғы жарты жылда 90 жалған ақша белгісі анықталды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 465 150 теңгенің 93 жалған банкнота мен үш монетаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банктің баспасөз қызметінің хабарлаңуынша, көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған.

"5 000 теңгелік 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ын құрады. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі", делінген хабарламада.

Ұлттық Банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады:

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Шынайы банкноталарда көзбен қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтында танысуға болады.

"ҚР Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады. Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн", делінген хабарламада.

Атырауда ірі көлемде жалған ақша сатумен айналысқан күдіктінің ұсталғаны белгілі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты