Ұлттық Банк мониторингі: нақты секторда экономикалық белсенділік жақсарды

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылдың II тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижеcін жариялады. Оған сәйкес, 2025 жылдың II тоқсанында дайын өнім бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп, шикізат пен материалдар бағасы өзгерген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл  туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты.

"Кәсіпорындар өнімінің баға динамикасын өлшейтін диффузиялық индекс (ДИ) 59,4 болды (2025 жылғы I тоқсанда – 59,7). 2025 жылдың ІІІ тоқсанында кәсіпорындар дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтеді. Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілеудегі ең маңызды фактор – шикізат пен материал бағасы және сұраныс. Шикізат бағасы өзгеріссіз қалып,  ДИ 73,0 (2025 жылғы I тоқсанда – 73,0) деңгейінде болды", - дейді ол.   

Оның айтуынша, кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс біршама төмендегенімен, өсім тұрғысынан оң аймақта қалды (ДИ – 51,0).

"2025 жылдың ІІІ тоқсанында нақты сектордағы кәсіпорындардың күтулері бойынша тауар өндіру мен көрсетілетін қызмет секторында сұраныстың өсу қарқыны жеделдейді. Сату рентабельділігінің орташа деңгейі (пайыздық төлемдер, салық және амортизация шығындарын шегергенге дейін) жалпы экономика бойынша 25,2%-ға (24,7%) дейін өсті, бірақ тарихи орташа нормадан (23,3%) жоғары қалыптасып отыр. Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамалардың жиынтық бағасын білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) нақты секторда экономикалық белсенділіктің жақсарғанын көрсетті". ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин

II тоқсанда жүргізілген сауалнамаға 3454 кәсіпорын қатысқаны да нақтыланады.  

Бұған дейін Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарғалы жатқаны хабарланған.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі