Жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы туралы ақпарат фейк екені ескертілді

Сурет: freepik
Интернет желісінде "АвтоЖол+" атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы іске қосылғаны туралы ақпарат тарауда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оның шындыққа еш сәйкес келмейтінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

"Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады", делінген хабарламада. 

Бұған дейін Ұлттық Банк ел азаматтарына жүгініп, маңызды мәліметпен бөліскен болатын.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі