Доллар бағамы 16 қыркүйектегі саудада төмендеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 15:30-дағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 539,54 теңге болып қалыптасты. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,49 теңгеге төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рубль бағамы 6,54 теңгеге дейін көтерілді (+0,09).

Қытай юанінің орташа бағамы таңғы саудада 75,87 теңгені құрады (-0,10).

Валютаны айырбастау пункттерінде доллар 539,7–542,1 теңге, еуро 634,5–638,5 теңге, рубль 6,39–6,51 теңге аралығында сатып алынып-сатылуда.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 16 қыркүйектегі саудада өсті.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,04 долларға қымбаттап, 67,48 доллар болды.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,07 долларға өсіп, баррелі 63,37 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 541,18 теңге, еуроны – 636,05 теңге, рубльді – 6,52 теңге деңгейінде бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін