Алматыда доллар сұранысқа ие: Қазақстандағы айырбастау пункттерінің жұмысына талдау

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның мегаполистерінде америкалық валюта белсенді түрде сатып алынуда, ал өнеркәсіптік және шекара маңындағы аймақтарда ресей рубліне сұраныс артып келеді. Бұл туралы Ұлттық банктің 2025 жылғы тамыз айына арналған айырбастау пункттері операциялары бойынша есебінен белгілі болды.

Республика бойынша жалпы мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың тамыз айында халық АҚШ долларын белсенді түрде сатып алған. Айырбастау пункттері сатқан долларлар сомасы сатып алынғаннан 138,8 млрд теңгеге артық болған.

АҚШ валютасының басты "тұтынушысы" — Алматы. Оңтүстік астананың тұрғындары 61,5 млрд теңгеге доллар сатып алып, бұл көрсеткіш бойынша елде көш бастады. Екінші орында – Астана, мұнда доллар 5,2 млрд теңгеге сатып алынған.

Доллар айырбастау пунктерінен көптеп кетіп жатса, рубль керісінше – көптеп қабылдануда. Республика бойынша айырбастау пунктері 31 млрд теңгеден астам сомаға рубль сатып алған. Бұл шекара маңындағы сауданың артуымен және рубльді теңгеге айырбастау үрдісімен байланысты болуы мүмкін.

Негізгі көлемдегі рубль мына қалаларда өткізілген:

Рубльге сұраныс жоғары болған өңірлер:

Шілде айымен салыстыру

Шілде айында қазақстандықтар долларды 120,8 млрд теңгеге артық сатып алса, тамызда бұл көрсеткіш 18 млрд теңгеге өсіп, 138,8 млрд теңгеге жеткен.

Бұл өсімнің негізгі қозғаушы күші — Алматы. Тамыз айында оңтүстік астана тұрғындары мен бизнесі 61,5 млрд теңгеге доллар сатып алған, бұл шілдемен салыстырғанда 19,1 млрд теңгеге артық.

Рубль бойынша жағдай

Шілде айында айырбастау пунктері рубльді 53,2 млрд теңгеге артық сатып алған болса, тамызда бұл көрсеткіш 31 млрд теңгеге дейін төмендеген. Басқаша айтқанда, халық рубльді 41%-ға аз өткізген.

Бұл төмендеудің басты себебі – Астана. Мұнда шілдеде тұрғындар 44,9 млрд теңгеге рубль өткізсе, тамызда бұл көрсеткіш 27,3 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Еуроға да сұраныс артқан

Республика бойынша еуропалық валютаға деген сұраныс та сәл өскен: халық еуроны 5,7 млрд теңгеден 6,9 млрд теңгеге дейін сатып алған. Бұл өсім де негізінен Алматының есебінен болып отыр.

Бұған дейін Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі 26 қыркүйектегі валюта бағамдарын ұсынған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды