Қазақстандықтардың нақты табысы инфляцияға байланысты бір жыл ішінде 1,4%-ға төмендеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың нақты табысы төмендеді: атаулы жалақының жылдық өсімі 9,8%-ды құрағанымен, инфляция бұл өсімді жойып жіберді. Нәтижесінде азаматтардың сатып алу қабілеті 1,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміз бойынша орташа жалақы 420 922 теңге болды, ал еңбекке ақы төлеу қоры 5,6 млн жұмысшыға шаққанда 6,66 трлн теңгеге жетіп, рекорд жаңартты. Алайда бұл сандардың ар жағында алаңдатарлық көрініс тұр: табыстар қағаз жүзінде өсіп жатқанымен, халықтың нақты өміріндегі жағдай ондай емес.

Қай өңірлерде жалақы жоғары, қай жерде төмен?

Жалақы деңгейі бойынша көшбасшы аймақтар – шикізат өндіретін өңірлер мен ірі қалалар:

Парадокс мынада: жалақы атаулы түрде ең жоғары өңірлерде нақты табыс, керісінше, төмендеуде. Мәселен, Атырау облысында сатып алу қабілеті 16,8%-ға қысқарған.

Ең төменгі жалақы байқалған өңірлер – елдің солтүстігі мен оңтүстігі:

Жетісу облысы нақты жалақы өсімі бойынша елде бірінші орынға шықты – 9%-дан астам өсім тіркелген.

Салалар бойынша көшбасшылар мен аутсайдерлер

Әдеттегідей, ең жоғары жалақы алатындар:

Ең төменгі жалақы тіркелген салалар:

Экономист Руслан Султановтың айтуынша, көптеген салалар нақты табыс бойынша "қызыл аймаққа" түскен.

Айта кетерлігі, аталған салаларда елдегі жұмыс күшінің 37,4%-ы, яғни 3,5 млн адам еңбек етеді.

"Халық көп шоғырланған салаларда сатып алу қабілетінің төмендеуі ішкі сұраныстың әлсіреуіне және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуіне әкеледі. Ал жоғары жалақы төлейтін салалар – қаржы, өндіріс, АКТ – өз көшбасшылығын сақтап, алшақтықты арттыра түсуде", – дейді экономист Руслан Султанов.

Оның айтуынша, нақты табыстың орнықты өсуіне қол жеткізу үшін тек индекстеу жеткіліксіз – еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс күші көп салалардағы тиімділікті көтеру және инфляциялық қысымды азайту қажет. Сонда ғана жалақы елдің экономикалық сапалы өсуінің шынайы факторы бола алады, ал құрғақ статистика көрсеткіш емес.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды