Ақша айырбас орыны 1000 теңгелік мерейтойлық банкнотты қабылдаудан бас тартқан. Ұлттық Банк түсініктемесі

Сурет: nationalbank.kz
Ұлттық банктің баспасөз қызметі ақша айырбастау орнында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған 1000 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартуына қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайттың видеосы алдымен әлеуметтік желіде тарады. Бұл оқиға қай қалада немесе қай өңірде болғаны белгісіз.

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Ұлттық банктің баспасөз қызметіне жүгінді. Олар бұл ретте мынаны айтады:

Ақша айырбас орындары, екінші деңгейдегі банктер қолданыстағы банкноттарды "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңына және ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2019 жылғы 11 ақпандағы №40 қаулысымен бекітілген қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелеріне сай қабылдауға міндетті.

"Егер азаматтарға Қазақстан аумағында айналыстағы және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарды қабылдаудан, ұсатудан және айырбастаудан бас тартылған жағдайда, олар ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар". ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылы 9 мамырдан бастап айналымға түскен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай номиналы 1000 теңге болатын мерейтойлық банкнот шығарған болатын. Оның таралымы шектеулі - 5 миллион дана.  

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды