Қазақстандықтар ипотеканы емес, автонесиені белсенді түрде рәсімдей бастады – ҚР Ұлттық банкі

Фото: freepik
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы бөлшек несиелеу нарығында қарама-қарсы үрдістер байқалды: автонесиеге сұраныс артып, ипотекаға қызығушылық реттеуші өзгерістер мен банктердің шарттарды қатаңдатуына байланысты бәсеңдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша банктер өтінімдер санының күрт өсуіне қарамастан, ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендегенін атап өтті. Бұған екінші деңгейлі 21 банк қатысқан ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнама дәлел.

ҰБК қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаевтың айтуынша, есептік тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс төмендеуіне ипотекалық несиелеу бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 25%-дан 20%-ға дейін төмендейтіні әсер етті. Осыған орай бірқатар банктер нарықтық ипотекалық кредиттеу талаптарын қайта қарады. Статистикалық көрсеткіштер:

Бұл реттте, автонесиеге сұраныс 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта бірқатар банктер іске қосқан автосалондар субсидиялайтын бағдарламалардың кейінгі әсеріне байланысты өсуді жалғастыруда. Жоғары сұранысқа қарамастан, жағдай келесідей:

Бұл ретте, кепілсіз тұтынушылық несиелеу сегментіндегі сұраныс 2025 жылғы II тоқсанның деңгейінде қалды. Банктер реттеуші талаптары қатайғанын атап өтті. Осылайша, аталған сегменттегі сұранысқа әсер еткен негізгі факторлар 5 жылға дейінгі мерзімнің қысқаруы, жасы 21-ге дейін және 55 жастан жоғары тұлғалар үшін займ шартын жасасу кезінде қойылатын қосымша талап, «суыту кезеңі», сондай-ақ несие тарихы жоқ қарыз алушының займ алу барысында банк бөлімшесіне келу қажеттілігі болды.

Осылайша:

Тұтастай алғанда, ведомство 2025 жылдың IV тоқсанында бөлшек сегментте ипотекаға, автокредиттерге және кепілсіз қарыздарға сұраныстың шамалы төмендеуі болжанғанын, ал кепілге салынған тұтынушылық несиелерге сұраныс тұрақты болып қалуы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін сарапшылар инфляцияның нақты себептерін айтқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды