Ұлттық банк тағы бір жаңа монета түрін айналысқа шығармақ

Фото: пресс-служба Национального банка РК
Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарға сүйенсек, монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

Коллекциялық монеталар туралы

"Қазақ күресі" – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Қос қарсылас еп пен төзімділік танытып, өзара күш сынасады. Бұл жекпе-жектің сан ғасырлық тарихы бар. Ол қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі әрі спорттық мұрасы саналады.

Монеталар:

- алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Бұл ретте, банк коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалатындығын атап өтті.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды