9 қаңтардағы саудада доллар бағамы сәл ғана өсті

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 9 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 509,94 теңгені құрап, 0,98 теңгеге өсті.

Ресейде мерекелік күндерге байланысты ресей рублімен сауда жүргізілген жоқ.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 73,05 теңге болды (+0,18).

Айырбастау пункттерінде доллар 512,7–515,4 теңгеден, еуро 594,2–599,7 теңгеден, ал рубль 6,25–6,42 теңгеден саудаланып жатыр.

Сонымен қатар 9 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсіп отыр.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,7%-ға қымбаттап, бір баррелі 62,39 АҚШ долларына жетті.

Ал WTI маркалы мұнай 0,6%-ға өсіп, баррелі 58,11 долларды құрады.

Таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 508,91 теңге, еуроны 594,36 теңге, рубльді 6,33 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді