Экономист зергерлік бұйымдарға инвестиция салу қаншалықты тиімді екенін айтып берді

Сурет: pexels
Көптеген сатып алушылар сақина мен алқаны "ыңғайлы формадағы алтын" деп қабылдайды. Алайда сарапшылардың пікірінше, көп жағдайда мұндай сатып алулар табыс табу тәсілі емес, эмоцияға жұмсалған шығын ғана, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.Ru" басылымының жазуынша, металдардың қымбаттауына байланысты зергерлік бұйымдарға қызығушылық артқан: 2026 жылғы қаңтарда алтын алғаш рет бір унциясы үшін 5 мың доллар межесінен асты, күміс те тарихи өсім көрсетті.

Экономист Юлия Карповичтің айтуынша, кез келген әшекейді инвестиция деп санауға болмайды. Оның пікірінше, зергерлік бұйымдар капиталды ұзақ мерзімге – кемінде 10 жыл және одан да ұзақ уақытқа – сақтау құралы ретінде ғана жарамды.

Жоғары инфляция мен ұлттық валютаның әлсіреуі адамдарды материалдық активтерге бет бұрғызғанымен, әшекейдің бағасы тек металдың құнынан тұрмайды. Оған дизайн, бренд және бөлшек саудадағы үстеме баға қосылады, ал бұл үстеме кейде 300–500%-ға дейін жетуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, шын мәнінде инвестициялық құндылығы бар бұйымдарға тек винтажды әшекейлер, сондай-ақ Cartier, Tiffany, Graff, Фаберже сияқты танымал зергерлік үйлердің туындылары және сертификаты бар ірі асыл тастармен безендірілген бұйымдар жатады.

Ал желілік дүкендердегі жаппай өндірілетін әшекейлер, бижутерия немесе синтетикалық тастары бар бұйымдарда инвестициялық әлеует іс жүзінде жоқ.

Бұған дейін ақпан айында доллар бағамы қандай болатындығын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды