Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі (трансферттерді есептемегенде) 24,6 трлн теңгеге жетіп, жоспарланған көрсеткіштен 27,3 млрд теңгеге асып түсті. Орындалу индексі – 100,1%.
Сондай-ақ, алқа отырысында бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда кірістер 3 трлн теңгеге ұлғайып, өсім қарқыны 114,3% жеткені атап өтілді.
"Биыл кірістердің өсімі 25,8% мөлшерінде жоспарланған. Республикалық бюджеттің кірістері жөніндегі 2026 жылға арналған жоспары 19,2 трлн теңге көлемінде бекітіліп, бұл 2025 жылдағы көрсеткіштен 3,9 трлн теңгеге (25,8%) көп. Салық түсімдері 18,9 трлн теңге деңгейінде, яғни 30,6% өседі деп болжанып отыр",- делінген министрліктің мәліметінде.
Бұған дейін Қаржы министрлігі бизнеске қалай қолдау көрсетуде екенін жазғанбыз.